Жалпы орта білім беру мен жоғары білім беру арасындағы сабақтастық: Ж.Жабаевтың 175  жылдығына арналған онлайн семинар

Еуразия гуманитарлық институты  Ж.Жабаевтың 175 жылдығына орай семинар сағатын өткізді. Семинар барысында Еуразия гуманитарлық институты қазақ және орыс филологиясы кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к., Л.Н. Дәуренбекова «Ж.Жабаевтың өмір жолы» туралы маңызды мәліметтермен таныстырса, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы инновациалық білім беру және ақпараттық технологиялар кафедрасының меңгерушісі ф.ғ.к., доцент Н.Ә. Алдабек  «Жамбыл шығармаларының әдебиеттегі орны мен маңызы» тақырыбында баяндама жасады. Сондай-ақ, «Аңыз адам» деректі фильмі көрсетілді. Семинар соңында мектеп оқушылары ақынның өлеңдерін нақышына келтіре оқыды. Семинар барысында қатысушыларға қойылған викториналық сұрақтар ақын шығармашылығы жөнінде білімдерін бекітуде пайдалы болды. Семинарға институт студенттерімен қатар, А.Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейі, М.Дулатұлы атындағы №68 мектеп-гимназиясы, №85 мектеп-лицейінің мұғалімдері мен оқушылары қатысты.