«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2020» конкурсының жеңімпазына құрмет көрсету

2021 жылғы 17 наурызда Еуразия гуманитарлық институты Ғылыми кеңесінің мүшелері «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2020» республикалық байқауының жеңімпаздарына наградалар табыстауға арналған онлайн-конференцияға қатысты. Салтанатты рәсімді Білім және ғылым министрі А.Қ. Аймағамбетов ашып, байқау лауреаттарын құттықтап, республиканың педагогикалық қоғамдастығына сөз сөйлеп, жоғары мектеп қызметінің негізгі бағыттарын белгіледі.

Бұдан әрі институтта «ЖОО-ның 2020 жылғы үздік оқытушысы» байқауының жеңімпазы – қазақ және орыс филологиясы кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент Л.Н. Дәуренбековаға құрмет көрсетілді.

Ректордың м.а. А.Ж. Исмаилов құттықтау сөз сөйлеп, Лаура Ноғайбекқызына еңбегі мен жетістіктері үшін алғысын білдіріп, алдағы уақытта да табыс тіледі, қол жеткізген жетістіктерімен тоқтап қалмауға шақырды.

Л.Н. Дәуренбекованы ЕАГИ Ғылыми кеңесінің мүшелері: оқу және ғылыми жұмыс жөніндегі проректор, профессор Ахметов Қ.Ә.; академиялық мәселелер және аккредиттеу жөніндегі департамент директоры, профессор Загатова С.Б.; ЕАГИ колледжінің директоры Әшірбекова А.Д.; п.ғ.д., профессор Сәрсекеев Б.С.; п.ғ.м. Әлімбаев А.Е. жоғары марапатымен құттықтады.

Еуразия гуманитарлық институтының ұжымы Л.Н. Дәуренбековаға қазақстандық жоғары білім беру міндеттерін шешу ісінде жаңа кәсіби биіктерге жетуді тілейді.