Студенттердің «Зерек бала» атты ғылыми-әдістемелік үйірмесінің дөңгелек үстелі өтті
2021 жылдың 25 ақпанында педагогика кафедрасында «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасы бойынша студенттердің «Зерек бала» атты ғылыми-әдістемелік үйірмесінің «Мектепке дейінгі білім берудегі озық тәжірибелермен алмасу (Монтесорри технологиясымен жұмыс жасау тәжірибесі)» тақырыбында дөңгелек үстелі өтті. Дөңгелек үстелге кафедраның оқытушыларымен қатар, №32 «Балдәурен» балабақшасының (кафедраның филиалы) «Монтесори технологиясы» бойынша маманы Б.К. Сапаргужина мен тәрбиеші Г.Е.Шымберген қатысты. Әдіскер мамандар өз тәжірибелерімен бөлісу барысында, студенттер тарапынан қызықтырған сұрақтарға ой-пікірлер айтып, қызу талқылау болды.