Франция Елшілігінде Халықаралық әйелдер күнін мерекелеу
Халықаралық әйелдер күнін мерекелеу аясында ПДК-18-01 тобының студенті Ислам Кәрім Франция Елшілігі мен Нұр-сұлтан қаласының Француз Альянсы ұйымдастырған шараға қатысты.
Бұл іс-шара әйелдер мерекесінің пайда болу тарихына арналды.
Мәдениет мәселелері жөніндегі атташе Джереми Голд және Нұрсұлтан қаласындағы Француз Альянсының президенті Динара Шуршенова сөз сөйледі.
Іс-шараға қатысушылар француз тілінде әйелдер мерекесінің пайда болуы, қазіргі қоғамдағы әйелдердің рөлі мәселелерін белсенді талқылады.
Ислам Кәрімге осы іс-шара үлкен әсер қалдырды және француз тілінде сөйлеу, құрдастарымен қарым-қатынас деңгейін арттыру үшін осындай пікірталасқа қатысуға ниет білдірді.
Аға оқытушы: Сиренова Б.А.