Академиялық ұтқырлықты жүзеге асыру шеңберіндегі ынтымақтастық
2020 жылдың 16 қарашасы мен 15 желтоқсаны аралығында оқытушылардың академиялық ұтқырлығын жүзеге асыру шеңберінде және 02.09.2020 ж. Еуразия гуманитарлық институты мен Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университеті арасындағы «Білім беру қызметтерін көрсету саласындағы өзара ынтымақтастық туралы шарт» негізінде Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетінің азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, з.ғ.м. Разиева Д.Б. «Отбасылық құқық» пәні аясында «Құқықтану» білім беру бағдарламасының студенттеріне онлайн дәрістер өткізді.