«АСЫЛ ЖҮРЕК» еріктілер клубы украин ғалымдарынан шетелдік тәжірибені алуда!
2021 жылдың 26 наурызында педагогика кафедрасының доценті А.Т. Аязбаева мен «Асыл жүрек» клубының мүшелері Абай ат. ҚазҰПУ жанындағы инклюзивті білім берудің виртуалды зертханасы ұйымдастырған «Украинада инклюзивті білім беруді енгізу және дамыту» атты веб-конференциясына қатысты.
Іс-шараның спикері Украинаның белгілі ғалымы Владимир Шевченко, педагогика ғылымдарының кандидаты, Украинаның ПҒҰА Николай Ярмаченко атындағы арнайы педагогика және психология институтының есту қабілеті бұзылған балаларға білім беру бөлімінің аға ғылыми қызметкері болды.
Онлайн-конференция қызықты және танымды болды, тыңдаушылар Украина тәжірибесіне сүйене отырып, қауіп тобындағы балалармен жұмыс бойынша білімдерін тереңдетуге мүмкіндік алды.