«Экстремизм. Шешу жолдары» тақырыбында кураторлық сағат
2021 жылдың 25 наурызында Еуразия гуманитарлық институтында заң пәндері кафедрасының аға оқытушысы М.З. Абильдина ЮРТ-20-01 академиялық тобында «Экстремизм. Шешу жолдары» тақырыбында кураторлық сағат өткізді. «Құқықтану» білім беру бағдарламасының студенттері «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының ережелерін оқып, «Экстремизм және онымен күрес» тақырыбында баяндама жасады.