«Ыбырай Алтынсарин шығармаларының тәрбиелік мәні» тақырыбындағы ашық тәрбиелік сағат
2021 жылдың 28 наурызында ұлы педагог, ағартушы, ақын, жазушы Ыбырай Алтынсариннің мерейтойына арналған «Ыбырай Алтынсарин шығармаларының тәрбиелік мәні» тақырыбында ДОВК-18-01, ПМНОК-18-01 топтарында ашық тәрбиелік сағат өткізілді. Сабақ барысында Ы.Алтынсариннің өмірбаяны, еңбектері талқыланып, өлеңдері оқылды. Сонымен қатар Ы.Алтынсариннің «Бақша ағаштары» әңгімесінің қойылымы ұйымдастырылды. Сабақтың соңында тәрбиелік шараның қонақтары, кафедраның оқытушылары Б.Қ. Абылханова және А.Т. Аязбаева қорытынды сөз сөйледі.