«Көңілді старт» спорттық жарысындағы жүлделі орын

ЕАГИ студенттері оқудан тыс уақытта спортқа көп көңіл бөледі. Жексенбі күні біздің студенттеріміз «Көңілді старт» атты спорттық жарыстарға қатысып, жүлдері орын алды.

6 ақпанда Сәкен Сейфуллин атындағы Агротехникалық университетте спорттық жарыстар өтті. Оған Астана қаласының жоғары оқу орындарының: ҚазАТУ, ҚазҰӨУ, Тұран-Астана, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, АМУ, ҚазТБУ, ЕАГИ командалары қатысты.

Жеребе салу барысында бірінші болып Тұран, ҚазАТУ, ҚазТБУ және АМУ университеттерінің командалары ойнады.

Біздің институтымыздың командасы екінші кезеңде ЕҰУ мен ҚазҰӨУ-дың командаларымен жарысқа түсті.

Финалға ЕҰУ мен ҚазАТУ командалары өтті. Алайда ЕАГИ мен Тұран командаларының күші тең түсіп, екеуі де 3-ші орынға таласқандықтан, қазылар алқасы екі команданың арасында қосымша жарыс өткізуді шешті. Қорытындысында ЕАГИ командасы финалға өтті!

Жеңімпаздар рейтингісі: 1) ЕҰУ; 2) ҚазАТУ; 3) ЕАГИ. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен дипломдар табыс етілді. Сонымен қатар ЕАГИ қолдаушыларын атап өту керек. Олар демалыс күні мен басқа да жұмыстарына қарамастан, өз командасын қолдауға келді. Ынтымақтастық – берік күш!