«Аққудың қанатында жазылған жыр»
Ақпан айының 9 жұлдызында Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында ақиық ақын, Хантәңірдің мұзбалағы Мұқағали Мақатаевтың 85 жылдық мерейтойына орай «Аққудың қанатында жазылған жыр» атты кітапханалық журфикс ұйымдастырылды. Кеш екі бөлімнен тұрды, алғашқысы Мұқағали ақынға арналса, екінші бөлімі жасынан қасына ерген рухтас інісі М. Мақатаев атындағы сыйлықтың екі мәрте лауреты ақын Жүрсін Ерманның оқырман қауыммен кездесуіне арналды. Кешке қатысқан Несіпбек Айтұлы, Сауытбек Абдрахманов, Намазалы Омашұлы бастаған қаламдас достары ақын жайлы естеліктерімен бөлісіп, Гүлмира Сарина сынды күміс көмей әншіміз әннен шашу шашты.
Институтымыздың «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының ҚТӘ 15-01, ҚТӘ 15-02 және ҚТӘ 3-14, ҚТӘ 3-15 курс студенттерімен қоса топ кураторы п.ғ.м., аға оқытушы Е.Жұпархан қатысып, жыр кешінен сусындап, жақсы әсер алып қайтты.