Күн тәртібінде: 2021 жылы бітірушілердің мемлекеттік гранттарды міндетті түрде үш жылдық өтеуі
2021 жылғы 18 мамырда Еуразия гуманитарлық институтында 2021 жылы
бітірушілер – мемлекеттік білім беру гранты иегерлерінің «Қаржы Орталығы» АҚ-мен және институт басшылығымен онлайн кездесуі өтті.
Кездесуге «Қаржы орталығы» АҚ менеджері Себепбаева Ләззат Ерқанқызы, оқу және ғылыми жұмыс жөніндегі проректор Ахметов Қадыр Әбілжанұлы, декан Кемайкина Татьяна Нигматовна мен кәсіби практика және мансап үйлестірушісі Оспанова Айман Тлеубайқызы қатысты.
Кездесу барысында бітірушілер қойған бірқатар сұрақтарға Л.Е. Себепбаева жауап берді.