«Дінтану» пәні бойынша ашық сабақ
2021 жылдың 15 сәуірінде аға оқытушы А.Ж. Мұстақова экстремизм мен терроризмнің алдын алу аясында секталар мен сектанттық қозғалыс туралы түсінік қалыптастыру мақсатында «Дінтану» пәні бойынша ПП-20-01 тобында «Қазақстандағы секталар мен сектанттық қозғалыс» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақта «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» ҚР Заңының негізгі аспектілері пысықталды (15.11.2020 ж. жағдай бойынша өзгерістермен және толықтырулармен), танысу үшін «Қазақстандықтарды секталарға қалай тартады», «Сектаға тарту тәсілдері» бейнероликтері көрсетілді.
Студенттер сектанттық қозғалыспен күресудің қаншалықты қиын екенін және олардың айтқандарына қалай мұқият қарау керектігін түсініп, осы тақырыпты талқылауға белсенді қатысты. Сабақ барысында проблемалық жағдайлар шешілді:
1) студенттер ата-аналар рөлінде сектаның ықпалына түскен баламен әңгіме жүргізді.
2) сектада қалған психолог пен студенттің әңгімесі.
Сабақтың мақсаты орындалды.