Диплом алдындағы практика туралы

2016 жылдың 18 қаңтарынан ППС-4-4 тобының болашақ педагог-психологтері Астананың мемлекеттік гуманитарлық колледжінде диплом алдындағы практикадан өтуде.

Студенттер, ең алдымен, колледждің психологиялық қызметінің жұмысымен байланысты құжаттарды, мемлекеттік орта кәсіптік білім беру стандарттарын игерген. Сонымен бірге студенттер оқу жоспарлары мен оқу үдерісінің кестесімен танысты.

Практика мынадай мүмкіндіктер береді: жеке психологиялық кеңестерді өткізуге, психологиядан (спорт психологиясы, отбасы психологиясы, жалпы психология) және педагогикадан сабақ өткізуге, тренингтер өткізуге, кураторлық топпен мұражайға және киноға баруды ұйымдастыруға.

Бұл практиканың тек бастамасы ғана, алда тәжірибе жинақтап, өзің туралы жақсы естелік қалдыру керек!