Студенттік парламент

Ергалиева Ая

Студенттік Парламенттің Президенті
(Ия-21-01)

Маралова Жаннұр

Мәдениет және өнер фракциясының жетекшісі
(ШТ-23-02 тобы)

 

Сундетбай Ләйлә

Дебат қозғалысы фракциясының жетекшісі, қазақ лигасы

(Т-23-01 тобы)

 

Құламан Анеля

Ақпарат фракциясының жетекшісі
(ШТ-22-01 тобы)

 

Нурпиисова Дарина

Дебат қозғалысы фракциясының жетекшісі, орыс лигасы

(ИЯТ-23-01 тобы)

 

Молдағалиев Ислам

Спорт фракциясының жетекшісі

(Т-23-01 тобы)

 

Нигметова Назгуль

Экология және еңбек фракциясының жетекшісі

(ҚТ-21-01 тобы)

тел: 8 705 631 93 04

Ахметова Анель

Еріктілер фракциясының жетекшісі
(ПД-22-01 тобы)

Букенбаева Нурай

«Өзін-өзі тану» фракциясының жетекшісі
(ШТ-22-01 тобы)

Бабанская Алина

Құқық және құқық тәртібі фракциясының жетекшісі
(ППТ-23-01 тобы)

Студенттік парламент – студенттік өзін-өзі басқарудың бірыңғай органы ретінде студенттік тіршілік әрекетінің маңызды мәселелерін шешуге, студенттік жастардың пайдалы бастамаларын қолдауға және әлеуметтік белсенділікті дамытуға бағытталған студенттердің ынталы дербес қоғамдық қызметінің формасы.

Студенттік Парламент жұмысының мақсаттары мен міндеттері:

  • жастар саясатын жүзеге асыру және оны толық іске асыру жөніндегі шараларды әзірлеу;
  • студенттердің институттың профессорлар-оқытушылар құрамымен және әкімшілігімен кері байланыс орнатуы;
  • институт студенттерінің корпоративтік мәдениетін қалыптастыру;
  • жастардың қоғамдық маңызды бастамаларын жүзеге асыруға ықпал жасау;
  • студенттердің мәдени демалысын ұйымдастыруға, салауатты өмір салтын насихаттауға, жастар білім беру форумдарына, конкурстарға, әлеуметтік мәні бар жобаларға, түрлі студенттік бірлестіктерге тікелей қатысу;
  • жастар мәселелерін уақытында шешу үшін жастар саясатын жүзеге асыру бойынша институттың қоғамдық ұйымдарының қызметін үйлестіру;
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру және академиялық адалдық принциптерін жүзеге асыру бойынша іс-шараларды жүргізу.

Еуразия гуманитарлық институтының студенттік парламенті туралы ЕРЕЖЕ

  • Бұл ереже институттың студенттік парламент мүшелерінің қалыптасу тәртібін, құрамын, міндеттерін және құқықтарын айқындайды.
  • ЕАГИ-дің студенттік парламенті, бұдан әрі Парламент деп аталатын, институттың өзін-өзі басқару студенттік органы болып табылады.
  • Парламент институтта оқитын студенттердің өзін-өзі басқаруының қоғамдық органы ретінде құрылады, олардың құқықтарын қорғайды және өз міндеттерін орындауды бақылайды.
  • Парламент өз қызметінде заңнамалық актілерді, институттың жарғысын, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
  1. Парламенттің мақсаттары мен міндеттері

2.1. Парламенттің мақсаты институтта студенттік өзін-өзі басқарудың әртүрлі формаларын дамыту және өзара әрекеттесу, студенттердің ұйымдасуы.
2.2. Парламенттің негізгі міндеттері:
2.2.1 Студенттер ұйымдастырушылық, басқарушылық және тәрбиешілік тәжірибесін алу үшін студенттерге жағдай жасау.
2.2.2 Институттық студенттік өмірінің әртүрлі салаларына студент жастардың белсене араласуына жағдай жасайтын қажетті жағдайлар жасауға көмектесу.
2.2.3 Институттың студенттік жастарына қатысты нормативтік құжаттарды әзірлеуге, қабылдауға және енгізуге қатысу.
2.2.4 Институттың студенттік өміріндегі оқиғалардың дамуының негізгі бағыттарын болжау.
2.2.5 Институтта студенттер өмірінің барлық салаларында  қылмыстың алдын алу және жағдайды тұрақтандыру
2.2.6 Институт басшылығын студенттік өмірдің даму жағдайы туралы хабардар ету.
2.2.7 Институт студенттерінің мүдделерін қозғайтын іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу бойынша іс-шаралар.
2.2.8 Студенттердің оқуға және демалуына арналған қолайлы жағдай жасауда институт әкімшілігіне көмектесу.
2.2.9 Институтта клубтар, секциялар, үйірмелер жұмыстарын жандандыру.

  1. Парламент қызметтері

3.1. Парламенттің міндеттеріне сәйкес келесі қызметтерді жүзеге асырады:
3.2. Студенттік өмірдің барлық бағыттарын үйлестіру бойынша шараларды өңдейді, қабылдайды және жүзеге асырады.
3.3. Институт студенттерінің әлеуметтік-құқықтық қорғалуына қатысады.
3.4. Көрсетілген міндеттерге сәйкес басқа қызметтерді орындауды жүзеге асырады.

  1. Парламент қызметтерін қамтамасыз ету

4.1. Қызметтерін жүзеге асыру үшін Парламент басшылығының құқығы бар:
4.1.1. Жұмысқа студенттік ұйымдарды, институттың жеке студенттерін тарту.
4.1.2. Оған келген ақпараттарды оқуға, талдауға және қабылдауға.
4.1.3. Институт басшыларының сұрақтарын тез арада қабылдауға және шешуге құқығы бар.

  1. Парламенттің басшылығы және ұйымдастырушылық құрылымы

5.1. Парламент келесі негізгі бөлімшелерден тұрады:
— студенттердің оқу және ғылыми-зерттеу қызметі бойынша бөлім;
— студенттердің бос уақытты дамыту қызметін ұйымдастыру бойынша бөлім;
— студенттердің әлеуметтік-тұрмыстық өмірін ұйымдастыру бойынша бөлім;
— ақпарат және қоғамдық қатынастар бөлімі.
5.2. Қызметті басқаруды Парламент Президенті іске асырады.
5.3. Парламент президенті институттың студенттік (немесе конференциялық) жалпы жиналысы арқылы сайланады.
5.4. Парламент Президентінің бір орынбасары бар. Парламент құрамына институттың барлық бөлімшелері топтарының өкілдері, сондай-ақ басқа да тұлғалар кіреді. Бөлім топтарының өкілдері топ студенттерінің жалпы жиналыстары арқылы сайланады.
5.5. Парламент құрамынан хатшы және филиал үйлестірушілері сайланады, ал міндеттер басқа мүшелер арасында таратылады.

  1. Парламент жұмысының тәртібі

6.1. Парламент жоспар бойынша жұмыс істейді. Жиналыстар айына кемінде бір рет өткізіледі. Жиналысқа Парламент мүшелері қатысуы міндетті.
6.2. Жиналысты Парламент президенті, ал ол болмаған жағдайда - орынбасары басқарады.
6.3. Парламент мәжілісінің хаттамасын хатшы жүргізеді.
6.4. Жиналыс хаттамасы жиналыс төрағасының және хатшының қолымен жасалады.
6.5. Парламенттің отырыстары ашық болады.
6.6. Парламент мәжілісінің шешімдерін жиналысқа қатысқандардың көпшілігі қабылдайды. Парламенттік жиналыс қатысушылардың көпшілігі қатысқан жағдайда жарамды. Парламент мәжілісінің шешіміне Парламент Президенті, ал ол болмаған кезде орынбасары қол қояды. Парламент мүшесі қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда жазбаша түрде өз пікірін білдіруге құқылы, содан кейін ол мәжіліс хаттамасына міндетті түрде енгізіледі.
6.7. Парламенттің ұсыныстары, қажет болған жағдайда, институт бойынша бұйрықтар мен нұсқаулармен жүзеге асырылады.
6.8. Парламент қызметінің ақпараттық-талдамалық және ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді Институт қызметкерлері жүзеге асырады.
6.9. Парламент жұмысын жақсы ұйымдастыру үшін әртүрлі ақпарат құралдары, оның ішінде студенттік өзін-өзі басқару қызметі туралы стендтерді пайдаланады.

  1. Парламент мүшелерінің міндеттері

7.1. Парламенттің Президенті институтта студенттік өзін-өзі басқаруды ұйымдастырады, Парламенттің және институттың жұмыс жоспарында көзделген шараларды ұйымдастырады, Парламент мүшелерін басқарады.

Парламент Президенті:

— Парламент пен институттың жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасымен тұрақты байланыстарын қамтамасыз етеді.
— жұмыс жоспарын Парламент мәжілісінің бекітуіне ұсынады;
— студенттердің өмірі, тұрмысы және бос уақыты ағымдағы мәселелер бойынша Парламенттің кезекті отырысын өткізеді;
— Парламент мәжілістерінің шешімдері мен жоспарланған шаралар туралы уқытында студенттерді хабарлайды;
— Парламент мүшелерінің отырыстарын дайындауды және өткізуді ұйымдастырады;
— Парламенттің барлық мүшелерінің міндеттерін адал орындауын бақылайды.

Парламент Президенті құқылы:

— студенттік өзін-өзі басқару органдарының белсенділерін көтермелеу туралы институт әкімшілігіне өтініш беру;
— Парламент мүшелеріне бір реттік тапсырмалар беру.
Парламент хатшысының міндеттері:
— Оқу жылына арналған Парламенттің жұмыс жоспары;
— Парламент мәжілістерінің кестесі;
— бір айлық іс-шаралардың күнтізбелік жоспары;
— институт Парламент мүшелерінің тізімі;
— Парламент отырыстарының хаттамалары.

  1. Қосымшалар

8.1. Парламент осы Ережеге түзетулерді енгізуге және қосымшаларды мақұлдауға құқылы.
8.2. Бұл ереже институттың тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры бекіткеннен кейін күшіне енеді.

  1. Сайлау.

9.1. Студенттік парламент президенті 1 жылға сайланады.
9.2. Сайлау ашық түрде өтеді.
9.3. Сайлауда дауыс беруге ЕАГИ студенттері мен оқытушылары қатыса алады.
9.4. Егер ЕАГИ студенттік парламенті президентіне үміткерлер бірдей дауыс жинаса қайтадан сайлау өткізіледі.
9.5. Студенттік парламентінің президентіне сайлау кезінде дауыс беру қорытындысы бойынша көп дауыс жинаған үміткер президент болып саналады.