Болашақ педагог-психологтердің практика туралы ойлары

«Педагогика және психология» мамандығының ППС-3-5 тобының студенттері мектептегі үш апталық практикаларын аяқтап, өздерінің алған әсерлерімен бөлісті.

«Мектеп психологі – ол кім? Жақсылық сиқыршысы, әділеттілік перісі, әлсіз жандардың қорғаушысы, ӘМІРШІ … Ал мектеп – ол Хогвардс… Тренингтер, ойындар, сабақтар, оқушылармен және тәжірибелі психологтермен қатынаста болу».

«Педагогикалық практика қызық және танымды болды. Алғашқы күннен-ақ біз болашақ мамандығымыздың салмақтылығын сезіндік. Практикада күндер өте жылдам өтті».

«Бірақ біз өзімізге сенбеушілік, үлкен аудитория алдындағы қорқыныш, сабақ беруде тәжірибенің жоқтығы секілді мәселелермен соқтығыстық».

«Балалармен қарым-қатынас пен жұмыстан рақат алып, барлық қиыншылықтар артта қалды. Осыдан өзің олардың қаншалықты көп қырлы, ғажайып, ақкөңіл және турашыл екендіктерін түсінесің».