Ректорға сұрақ
Сұрақ: Сәлеметсіз бе. Менің атым Мадина, мен 2-курс студентімін. Мені коронавирус жұқтырудан өзімді және айналамдағы адамдарды қалай қорғауға болады деген сұрақ мазалайды.
Жауап: Сәлеметсіз бе, Мадина. Ең жақсы қорғаныс — вакцинация. Бүгінгі күні Қазақстан Республикасында Кви-ға қарсы мынадай вакциналарды пайдалана отырып вакцинация жүргізілуде: Ресейде өндірілген отандық өнім – QazCovid-In, Гам-КОВИД-Вак («Спутник V»). Олар ауруға иммунитет береді. Инфекцияның алдын алу үшін келесі ережелерді сақтаңыз: адамдар көп жиналатын жерлерден аулақ болыңыз; контактілерді азайтыңыз; маска киіңіз; құрамында кемінде 70% спирт бар антисептиктерді қолданыңыз; қоғамдық орындарға барғаннан кейін қолыңызды жуыңыз және бетіңізге тигізбеңіз; смартфондарды спирттелген майлықтарымен сүртіңіз, көкөністер мен жемістерді ыстық сумен жуыңыз. Жұқтыру қаупін азайту үшін салауатты өмір салтын ұстану ұсынылады. Спортпен шұғылданыңыз, ақуыздарға, дәрумендерге және минералдарға бай тағамдарды жеп, толық ұйқы туралы ұмытпаңыз.