5В010200 — «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының білім беру бағдарламасы

Академиялық дәрежесі: бакалавр

Бағыты: педагогикалық

Мамандықтың атауы мен коды: 5В010200 — «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі»

Кредит саны: ҚР кредиті – 129, ESTC кредиті— 201

Оқу нысаны: күндізгі (жалпы орта мектеп пен техникалық және кәсіптік білім беру базасында), сырттай (жоғары, техникалық және кәсіптік білім беру базасында)

Оқу мерзімі (грант, ақылы): 4 жыл (жалпы орта мектеп базасында), 3 жыл (техникалық және кәсіптік білім беру базасында), 2 жыл (жоғары білім беру базасында)

Оқудың басталуы: 1 қыркүйек

Біліктілігі: білім бакалавры

Білім беру траекториясы: «Әдіскер-тәрбиеші», «Бастауыш мектептің тәрбиеші-психологі»

Мамандануы: 5В010200 — «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша білім бакалаврының кәсіптік қызмет саласы білім беру мекемесі (жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатысы, педагогикалық колледждер, білім басқармасы департаменттері, білім саласы кадрларының біліктілігін көтеру және қайта даярлау институты) болып табылады.

Кәсіптің ерекшелігі: 5В010200 — «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша білім бакалаврлары мынадай кәсіби қызметтерді атқара алады :

  • диагностикалық: оқушы тұлғасын, оқу нәтижелерін, тәрбиелеу мен дамытуды зерттеу;
  • ұйымдастыру-технологиялық: педагогикалық технологиялар негізінде оқыту және тәрбиелеу үдерісін ұйымдастыру;
  • басқару-педагогикалық: «субъект-субъект» өзара әрекеті, білім берудегі менеджмент;
  • жобалық: бастауыш мектепте білім беруді модельдеу;
  •  ғылыми-зерттеу: білім беру мәселелерін шешудегі шығармашылық ізденіс, педагогикалық тәжірибені зерттеу, рефлексия

Еңбек нарығы: 5В010200 — «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша білім бакалаврының кәсіптік қызмет саласының нысандары жалпы білім беретін мектептің барлық типтерінің бірінші сатылары және білім мекемелеріндегі әдістемелік жұмыстар болып табылады.

Түсуге қойылатын талаптар: ҰБТ тапсыру, төртінші пән – биология