5В011400 — «Тарих» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасы
Академиялық дәрежесі: бакалавр
Бағыты: педагогикалық
Мамандықтың атауы мен коды: 5В011400 — «Тарих»
Кредит саны: ҚР кредиті – 129, ESTC кредиті— 201
Оқу нысаны: күндізгі (жалпы орта мектеп пен техникалық және кәсіптік білім беру базасында), сырттай (жоғары, техникалық және кәсіптік білім беру базасында)
Оқудың басталуы: 1 қыркүйек
Оқу мерзімі (грант, ақылы): 4 жыл (жалпы орта мектеп базасында), 3 жыл (техникалық және кәсіптік білім беру базасында), 2 жыл (жоғары білім беру базасында)
Біліктілігі: білім бакалавры
Білім беру траекториясы: «Әдіскер-мұғалім», «Орталық Азия халықтарының тарихы»
Мамандануы: 5В011400 — «Тарих»мамандығы бойынша білім бакалаврының кәсіптік қызмет саласы, нарық талаптарын ескере отырып, білім беру, ғылым, мемлекеттік қызмет (ҚР Білім және ғылым министрлігі жүйесінде)және білім беру саласындағы әкімшілік жұмыстар мекемесі (орта, техникалық және кәсіптік, жоғары білім беру ұйымдары) болып табылады.
Мамандықтың ерекшелігі: 5В011400 — «Тарих»мамандығы бойынша білім бакалавры мынадай кәсіби қызметтерді атқара алады :
- білім беру (педагогикалық): Қазақстан тарихының, білім алушылардың кәсіби құзыреттерін қалыптастыруға қойылатын халықаралық-стандартты деңгейлік талаптарды ескере отырып, дүниежүзі тарихы мұғалімі;
- ғылыми-зерттеу: ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді зерделеу, шетелдік және отандық білім берудің ғылыми жетістіктерімен, оларды қорытындылау және оқу үдерісіне қосу; педагогика, тарих және басқа да әлеуметтік-гуманитарлық пәндер саласындағы зерттеулердің өзекті бағыттарын айқындау;
- ұйымдастыру-басқару: оқу үдерісін жоспарлау, білім беру ісін ұйымдастыру, ұжымды басқару, оқушыларды уәждеу, білім беру саласындағы инновациялық жұмыстар;
- әлеуметтік-педагогикалық: дүниетанымы мен ой-санасы дамыған, азаматтық ұстанымы белсенді саяси тұлға қалыптастыру;
- оқу-технологиялық: ақпараттық сауаттылық; ең жаңа технологияларды(соның ішінде тарихты оқытудың мультимедиялық құралдарын)меңгеру және оқу үдерісінде қолдану.
Еңбек нарығы: 5В011400 — «Тарих» мамандығы бойынша білім бакалаврының кәсіптік қызмет саласының нысандары: жалпы білім беретін және мамандандырылған мектептер, лицейлер, колледждер, гимназиялар, біліктілікті көтеру институттары, баспалар, кітапханалар, педагогикалық, тарихи білім беру кабинеттері,білім беру мекемелеріндегі педагогикалық үдеріс болып табылады.
Түсуге қойылатын талаптар: ҰБТ тапсыру, төртінші пән – жалпы тарих