5В010100 — «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасы
Академиялық дәрежесі: бакалавр
Бағыты: педагогикалық
Мамандықтың атауы мен коды: 5В010100 —«Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу»
Кредит саны: ҚР кредиті – 129, ESTC кредиті— 200
Оқу нысаны: күндізгі (жалпы орта мектеп пен техникалық және кәсіптік білім беру базасында), сырттай (жоғары, техникалық және кәсіптік білім беру базасында)
Оқу мерзімі (грант, ақылы): 4 жыл (жалпы орта мектеп базасында), 3 жыл (техникалық және кәсіптік білім беру базасында), 2 жыл (жоғары білім беру базасында)
Оқудың басталуы: 1 қыркүйек
Біліктілігі: білім бакалавры
Білім беру траекториясы: «Әдіскер-тәрбиеші», «Тәрбиеші-психолог»
Мамандануы: 5В010100 — «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу»мамандығы бойынша білім бакалаврының кәсіптік қызмет саласы — мектепке дейінгі ұйымдардағы білім беру қызметі
Кәсіптің ерекшелігі: 5В010100 — «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу»мамандығы бойынша білім бакалаврлары мынадай кәсіби қызметтерді атқара алады :
- білім беру (педагогикалық) – тәрбие, оқыту, мектепке дейінгі оқушы тұлғасын дамыту және қалыптастыру;
- мектепке дейінгі ұйымдарда педагогикалық үдерісті басқару;
- педагогиалық қызмет нәтижелерін диагностикалау, коррекциялау, болжау
- мектепке дейінгі білім беру саласындағы озық инновациялық тәжірибелерді зерделеу, қорыту, тарату.
Еңбек нарығы: 5В010100 — «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу»мамандығы бойынша білім бакалаврының кәсіптік қызмет саласының нысандары мектепке дейінгі ұйымдардың алуан түрлері мен типтері: педагогикалық колледждер, білім басқармасы департаменттері, білім саласы кадрларының біліктілігін көтеру және қайта даярлау институты болып табылады.
Түсуге қойылатын талаптар: ҰБТ тапсыру, төртінші пән – биология