«Кәсіптік бағдарлау жұмысына, жастарды еңбек нарығының қажеттіліктері туралы хабардар етуге бағытталған іс-шараларды іске асыру» жобасы шеңберінде ашық диалог алаңы
2021 жылғы 12 қазанда Еуразия гуманитарлық институты қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы, з.ғ.м., заң пәндері кафедрасының аға оқытушысы А.К. Жантаева «Кәсіптік бағдарлау жұмысына, жастарды еңбек нарығының қажеттіліктері туралы ақпараттандыруға бағытталған іс-шараларды іске асыру» жобасы шеңберінде ашық онлайн диалог алаңына қатысты, онда «Қазақстандағы жастарды кәсіптік бағдарлау мәселелері және оларды шешудің ықтимал жолдары» тақырыбы талқыланды.