Еуразия гуманитарлық институтының студенттері «Елордадағы діни ахуал» және «Интернет ресурстардағы контрпропагандистік ақпараттық материалдардың тиімділігі» тақырыптары бойынша әлеуметтік сауалнамаға қатысты
2021 жылғы 3-6 қараша аралығында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Діндерді зерттеу орталығы Еуразия гуманитарлық институтының студенттері арасында «Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны» іске асыру шеңберінде «Елордадағы діни ахуал» және «Интернет ресурстардағы қарсы пропагандистік ақпараттық материалдардың тиімділігі» тақырыптары бойынша әлеуметтік сауалнама жүргізді.