Студенттердің көзімен интеллект-карталар
2021 жылдың 16 қарашасында педагогика кафедрасының аға оқытушысы, педагогика және психология магистрі Г.Е. Жармаханова «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» (НО-19-01 академиялық тобы) білім беру бағдарламасының 3-курс білім алушыларына «Когнитивті оқыту технологиялары» пәні бойынша ашық сабақ өткізді. Ашық сабақ аясында студенттер қарастырылып отырған мәселеге үлкен қызығушылық танытып, «Ассоциативті байланыстарды визуализациялау технологиялары» тақырыбы бойынша түрлі интеллект-карталар жасады.