Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және «Алаш қайраткерлерін еске алып, олардың мұрасын жастарымызға және бүкіл әлемге паш ету» тақырыбына дөңгелек үстел.
08.11.2021 күні сағат 14.00 Еуразия гуманитарлық институтының «Педагогика» кафедрасының Т-21-01 тобының студенттері онлайн форматта, Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың 2021 жылғы 5 қаңтарда «Егемен Қазақстан» республикалық газетінде жарияланған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласының 2 тармағы бойынша – «Алаш қайраткерлерін еске алып, олардың мұрасын жастарымызға және бүкіл әлемге паш ету» туралы топ кураторы Шокатова А.К. тәрбиелік кураторлық сағат өткізді. Іс-шара барысында бейнеролик көрсетіліп, талдау жасалынды.Соңында рефлекися ұйымдастырылып, қорытынды жасалынды.