Мамандықтың сипаттамасы

5В050900 — «Қаржы» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасы туралы ақпарат

Дәрежесі: бакалавр

Бағыты: экономикалық

Мамандықтың атау мен коды: 5В050900- «Қаржы»

Кредиттер саны: ҚР кредиттері – 140, ESTC кредиттері – 203

Оқу формасы: күндізгі (жалпы білім беретін орта мектеп және техникалық, кәсіптік білім негізінде),  сырттай ( жоғары білім және техникалық, кәсіптік білім негізінде)

Оқу кезеңі (ақылы):

Күндізгі оқу бөлімі

  • Жалпы білім беретін орта мектеп негізінде — 4 жыл,
  • Техникалық және кәсіби білім негізінде – 3 жыл

Сырттай оқу бөлімі:

  • Жоғары білім негізінде – 2 жыл,
  • Техникалық және кәсіби білім негізінде -3 жыл

Біліктілігі: экономика және бизнес бакалавры

Мамандануы: «Банк ісі», «Қаржы менеджменті» білім беру траекториясы енгізілді. 5В050900 – «Қаржы» мамандығы бойынша экономика және бизнес бакалавры кәсіби қызметі аясына, нарық талабына сай, экономика, қаржы, салықт, мемлекеттік қызмет (ҚР Қаржы Министрлігі жүйесінде), ұлттық компаниялар жатады.

Мамандықтың ерекшелігі:  5В050900 — «Қаржы» мамандығы бойынша экономика және бизнес бакалавры кәсіби қызметінің нысандары банктер, салық комитеттері, сақтандыру компаниялары, министрліктер, кәсіпорындар, Акционерлік қоғамдар, Ұлттық компаниялар және т.б. болып табылады.

Еңбек нарығы: — білім беру (педагогикалық) саласы: қаржы және экономикалық пәндер оқытушысы ретінде;

  • ұйымдастыру-басқарушылық аясы: қаржы жүйесі мекемелерінде кәсіби қызмет, қалыпсыз жағдайда аналитикалық тәсілді талап ететін қызметте жұмыс істеу;
  • оқу-технологиялық сала: ақпараттық сауаттылық, компьютерлік әдістерді жинауды игеру, кәсіби қызметте қолданылатын ақпаратты сақтау және жөндеу; жаңа технологияларды қолдану.

Оқуға түсуге қойылатын талаптар: ҰБТ тапсыру, төртінші пән —  география