Ш. Аймановтың «Әкелер жері» фильмін талқылау – дөңгелек үстел (1966 ж.)
2021 жылдың 27 қарашасында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында педагогика кафедрасында куратор, доцент И.А. Тобағабылованың бастамасымен «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасының 4 курс студенттерінің және «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасының (ДОВК-18-01, ДОВ-18-01, ПМНОК-18-01 академиялық топтары) қатысуымен О. Сүлейменовтің сценарийі бойынша түсірілген Ш. Аймановтың «Әкелер жері» фильмі талқыланған (1966 ж.) онлайн форматта дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Дөңгелек үстелдің мақсаты студенттердің бойында қазақ халқының рухани және мәдени құндылықтарын түсіну мен қабылдауды қалыптастыру болды. Студенттер өз пікірлерін белсенді түрде білдіріп, бұрын қаралған фильмнің мазмұнын талқылауға қатысты.