Баспасөз хабарламасы
2015 жылдың 4 желтоқсанында Астана қаласындағы Еуразия гуманитарлық институтының 20 жылдығына арналған «Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдардың қазіргі мәселелері» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Конференцияны ұйымдастыруда қазіргі жағдайда гуманитарлық білім беру тәжірибелерін қорыту, келешектегі даму бағыттары мен трансформациялануын белгілеу мақсат етілді.
Конференция аясында әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың (тарих, әлеуметтану, философия, әлеуметтік жұмыс, экология, валеология) бүгіні мен келешегі, филология және аударма ісі, сондай-ақ құқықтану мен экономиканың ғылыми-практикалық мәселелері қаралды.
Конференцияның пленарлық мәжілісінде Еуразия гуманитарлық институтының ректоры, т.ғ.д., профессор, академик А.Қ. Құсайынов қонақтар мен қатысушыларды институттың құрылғанына 20 жыл толуына арналған конференция жұмысының басталуымен құттықтап, өз сөзінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты Жолдауының мазмұнына тоқталып, оның жоғары мектептің өмірінде аса маңызды рөл атқаратындығы туралы пікір айтты.
Пленарлық мәжіліс барысында филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА-ның корреспондент-мүшесі, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің проректоры Д.Қамзабекұлы «Алаш танымындағы Шоқан, Ыбырай, Абай құбылысы», филология ғылымдарының докторы, профессор, М.В. Ломоносов атындағы МГУ-дың Қазақстандағы филиалы директорының орынбасары Н.Ж.Шаймерденова «Глоссы в письменных источниках: путешествие во времени и популяризация науки», филология ғылымдарының докторы, Назарбаев Университетінің профессоры, С.Қ. Әлісжан «Қазіргі білім беру үдерісіндегі мемлекеттік тілді оқытудың басым бағыттары», заң ғылымдарының кандидаты, Еуразия гуманитарлық институтының доценті Е.Ж. Жұмабаев «Қонституциялық құқықтық реформа және қазіргі замандағы жоғары білім беру», тарих ғылымдарының докторы, профессор, Еуразия гуманитарлық институтының проректоры Қ.Ә. Ахметов «Отан тарихы зерттеулеріндегі тұлғатану мәселелері (тарихи персоналистика)», педагогика ғылымдарының докторы, Еуразия гуманитарлық институты педагогика кафедрасының меңгерушісі Б.С. Сарсекеев «Учебник как средство формирования ключевых компетенций школьника», экономика ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры М.Л. Сембиева «Современные проблемы реализации новой денежно-кредитной политики», филология ғылымдарының кандидаты (PhD), М.В. Ломоносов атындағы МГУ-дың Қазақстандағы филиалы филология кафедрасының доценті, ағылшын тілі секторының меңгерушісі А.Р. Сулькарнаева «Иноязычное образование в РК: парадигмы и тренды» деген тақырыптар бойынша баяндамалар жасады.
Конференция жұмысына еліміздің Астана, Алматы, Қарағанды, Петропавл, Павлодар, Қостанай, Ақтөбе, Қызылорда қалаларының, сондай-ақ Ресей Федерациясының, Беларусь Республикасының жалпы орта, арнайы кәсіптік, жоғары кәсіптік білім бағдарламаларын жүзеге асырушы түрлі білім беру ұйымдарынан келген 170 адам қатысты.
Конференцияға ұсынылған баяндамалардың тақырыптары алуан түрлі болды: педагогика және психологияның өзекті мәселелері (Я.Н. Оспанова, Т.А. Абдрашитова, А.Б. Шормақова, К.К. Абденова т.б.), әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың мәселелері мен келешегі (А.С. Муликова, С.С. Есимова, А.Ж. Аманбаев, Б. Сағындықұлы т.б.), филология мен аударматанудағы теориялық және практикалық ізденістер (К.Д. Бейбытова, Т.В. Кривощапова, Р.С. Тұрысбек, А.Е. Абдрахманова, Б.Б. Алиев, Л.В. Волкова Г.У. Аренова, С.Б. Загатова, Н.А. Савенкова т.б.), құқықтану саласын жетілдіру проблемалары (А.Ш. Аккулев, Ю.Н. Дрокин, Н. Сәулен т.б.), қазіргі экономика (М.Ы. Жүкібай, А.С. Исмаилова, Ю.А. Стацурина т.б.).
Конференцияға ұсынылған баяндамалардың жинағы шығарылды.