Прокторинг

Құрметті білім алушы!

2020-2021 оқу жылының көктемгі семестрінің рейтингтік бақылауы «OES-Прокторинг» платформасында прокторинг жүйесі бойынша өткізіледі.

Ауызша және жазбаша түрде аралық бақылауды оқытушы «ZOOM» немесе «OES-Вебинар» платформаларында ауызша және жазбаша бақылау жүргізу нұсқаулықтарына сәйкес жүргізеді.

Тестілеу форматында өткізілетін аралық бақылау «OES-Прокторинг» платформасында https://egi2.oes.kz/ мекенжайы бойынша жүргізіледі.

«OES-Прокторинг» прокторинг жүйесі тесттердің өту барысын қадағалайтын болады. Жүйе Жасанды интеллекттің көмегімен білім алушыны автоматты түрде тексереді және тестілеудің басынан аяғына дейін бұзушылықтарды бақылайды, содан кейін толық есеп түрінде ақпарат береді. Сондай-ақ, жүйе веб-камерадан, микрофоннан және пайдаланушы-білім алушы экранының мазмұнынан жазба жүргізеді.

Жүйе білім алушының жеке басын тексереді және тестілеудің барлық уақытында оның қылығын бақылайтын болады.

«Платонус» ААЖ-да тестілеу аяқталғаннан кейін экранға шығарылған баға одан әрі «OES-Прокторинг» жүйесіне экспортталады, содан кейін деректер түпкілікті өңделеді, емтихан нәтижелеріне сенім деңгейі бағаланады және түсіндірмесі бар есеп жасалады, оның негізінде рейтингтік бақылауды тапсыру туралы түпкілікті шешім қабылданады.


OES прокторингі жүйесі бойынша студентке арналған нұсқаулық


Инструкция для проктора по системе прокторинга «OES»


«OES» прокторинг жүйесінің көмегімен емтихан тапсыруға арналған ережелер


Правила проведения тестирования с онлайн прокторингом

Технические требования к ПК студента