Студенттердің арасында нашақорлықтың алдын алуға бағытталған кураторлық сағат

2022 жылдың 16 ақпанында Еуразия гуманитарлық институтының педагогика кафедрасының Т-21-01 тобының кураторы мен студенттері онлайн форматында «Нашақорлық – қоғамдық дерт» тақырыбында  кураторлық тәрбие сағатын өткізді. Іс-шара барысында тақырыпқа байланысты презентация көрсетіліп, талқылау жүргізілді. Бұл шара жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылды. Сонымен қатар,  нашақорлықтың алдын алу, оған жол бермеуге белсенді көмек көрсетуге шақырылды.