Жұмыс берушілерден мастер-класс

«Инклюзивті білім беру» пәнін оқыту шеңберінде «Асыл жүрек» клубының жетекшісі А.Т. Аязбаева 2022 жылдың 17 ақпанында 6В01102 – «Педагогика және психология», 6В01303 – «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі», 6В01606 – «Тарих» және 6В01205 – «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламаларының студенттері үшін аутизмі бар балаларға арналған орталықтың педагог-психологы, аутист балалармен практикалық тәжірибені ұсынған Бөрібай Айжан Ерланқызымен кездесу ұйымдастырылды. Студенттер АСБ бар балаларға және мастер-класс барысында танысқан түзету әдістеріне қызығушылық танытты.