Экономикалық және математикалық пәндер кафедрасында қонақ дәрісі
2022 жылдың 23 ақпанында «Қаржы» білім беру бағдарламасының 1-4 курс студенттеріне ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің сыртқы экономикалық ынтымақтастық және протокол бөлімінің бас кеңесшісі, лектор А.К. Әділбековтың қатысуымен «Халықаралық қаржы даму институттары және олардың әлемдік экономикадағы рөлі» тақырыбында қонақ дәрісі өткізілді. Тақырып студенттердің қызығушылығын тудырды, өзекті сұрақтар қойылды, қатысушылар әлемдік экономиканың даму тенденциялары мен факторларын, халықаралық және ішкі ұлттық жобаларды несиелеу, халықаралық көмек бағдарламаларын қаржыландыру, сондай-ақ әлемдік экономиканы реттеу, халықаралық сауданы қолдау және ынталандыру мақсатында әлемдік валюта және қор нарықтарындағы операцияларды талқылады.