«Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасының «Зерек бала» ғылыми-әдістемелік үйірмесінің кезекті отырысы.
2022 жылдың 28 ақпанында «Педагогика» кафедрасында «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасы, «Зерек бала» ғылыми-әдістемелік үйірмесінің «Ұзақ мерзімді жоспарлаудың ерекшеліктері» тақырыбындағы кезекті отырысы (онлайн форматта) өтті. Кездесуге «Педагогика» кафедрасының оқытушылары, 6В01205 – «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасының студенттері және №69 балабақшаның (кафедра филиалы) тәрбиешісі Әлімбекова Камшат Багисбекқызы қатысты. Кәмшат Багисбекқызы өз сөзінде мектепке дейінгі мекемелерде жоспарлау бойынша практикалық тәжірибесімен бөлісті. Қатысушылар (оқытушылар мен студенттер де) өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.