Алғыс айту күніне арналған кураторлық сағат
2022 жылдың 25 ақпанында заң пәндері кафедрасының кураторы, аға оқытушы Г.А. Канафина ЮР-21-01 («Құқықтану» білім беру бағдарламасы) академиялық тобының студенттеріне алғыс айту күніне арналған кураторлық сағат өткізді.
Кураторлық сағатта «Алғыс айту күні Қазақстан тарихына құрмет ретінде»; «Мереке құрудағы Елбасының идеялық рөлі»; «Қазақстан халқы Ассамблеясы – бұл көп ұлтты қоғамның өркендеуінің негізі»; «Депортацияланған халықтардың заманауи әлеуметтік саясаттың қалыптасуындағы рөлі» сияқты мәселелер талқыланды.
Кураторлық сағат соңында студенттер мұндай іс-шаралардың еліміздің жас ұрпағына патриоттық тәрбие беруде, сондай-ақ Қазақстанда тұратын халықтардың мәдениеті мен тарихына құрмет пен толеранттылықты тәрбиелеуде маңызды рөлін атап өтті.