«Шын жүректен – мың алғыс» кураторлық сағат
2022 жылдың 28 ақпаны мен 1 наурызында экономикалық және математикалық пәндер кафедрасының кураторлары А.Ж. Тажигулова, Ж.Д. Даулетханова және А.Г. Кожахметова 1 наурызда Қазақстанда атап өтілетін «Алғыс айту» күніне арналған «Қаржы» білім беру бағдарламасының (Ф-21-01, Ф-20-01, Қ-21-01 академиялық топтары) студенттеріне арналған «Шын жүректен – мың алғыс» атты кураторлық сағат өткізді. Бұл күн – мейірімділіктің, барлық қазақстандықтардың бір-біріне деген достығы мен махаббатының жарқын мерекесі. Кураторлық сағаттардың мақсаты – студенттердің толеранттылық, достық және бір-біріне құрмет сезімдерін тәрбиелеуге, сондай-ақ Қазақстанда этносаралық және ұлтаралық келісімді нығайтуға ықпал ету.