«Тіл тарихы – ел тарихы»
«Қазақстан халқы тілдерінің ХVІІ қалалық фестивалі» аясында Еуразия гуманитарлық институты Қазақ және орыс филологиясы кафедрасының ұйымдастыруымен қыркүйектің он сегізінде Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Тіл тарихы – ел тарихы» атты тілтанымдық сайыс өтті.
Сайысқа «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығында оқитын студенттерден құралған «Жалын», «Сегіз аяқ», «Болашақ» командалары өз бақтарын сынады. Сайыс талабына сай кезеңдерден өтті. Команда мүшелері өз білімдерін сынап, көпшілік алдында өнерлерін паш етті.
Тілтанымдық сайыстың өтуіне жауапты болған ф.ғ.к., доцент Г.Ш. Бекенова мен үшінші курс студенті Н.Қ. Бәшіров. Сайысқа ф.ғ.к., доцент Г.Е. Абылова, п.ғ.к., доцент А.Б. Шормақова, аға оқытушы А.Т. Сандыбаева және үшінші курс студенті Ж.Б. Есберген төрелік етті. Сайыстың қорытындысы бойынша І орынды «Жалын», ІІ орынды «Сегізаяқ», ІІІ орынды «Болашақ» топтары қанжығаларына байлады.
Іс-шараның соңында институтымыздың тәрбие ісі жөніндегі проректоры, п.ғ.к., доцент Я.Н. Оспанова сөз сөйлеп, топтарды бүгінгі жеңісімен құттықтап, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді. Өз сөзінде қазылар алқасының мүшесі, доцент А.Б. Шормақова фестиваль аясында өтіп жатқан апталықтың іс-шаралары жоғары деңгейде ұйымдастырылып жатқандығын атап өтті.