Тіл – ұлттың жаны
Қазақстан Республикасында 130-дан астам ұлт тұрады. Олар әр түрлі тілде сөйлейтініне қарамастан, бір-бірімен достық қарым-қатынаста. 22 қыркүйекте Қазақстан халқы тілдері күні мереке ретінде аталып өтуі кездейсоқ емес.
Қазақ және орыс филологиясы кафедрасының іс-шаралар жоспарына сәйкес 21 қыркүйекте «Педагогика және психология» мамандығының 1-курс студенттері доцент Р.А. Казина және аға оқытушы Р.Н. Кемеңгеровтің жетекшілігімен «Тіл – ұлттың жаны» атты ресми тілде әдеби-музыкалық композициялық кеш өткізді.