«Тарих пен тіл тамырлас»
Астана қаласының әкімдігі Тілдерді дамыту басқармасы 2015 жылғы 22 қыркүйек күні «Тілеп» қобыз сарайында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Тарих пен тіл тамырлас» атты жас ақындар мүшәйрасын өткізді. Мүшәйраның ережесі алдын ала жолданып, газеттер мен әлеуметтік желілерде жарияланған болатын. Жалпы 50-ден астам үміткердің арасынан 10 ақын қорытынды кезеңге жолдама алған. Мүшәйраға Астана, Алматы, Семей, Қарағанды, Тараз, Павлодар, Өскемен және т.б. қалалардан жас ақындар қатысқан. Осы өңірлерден іріктелген үздік ақындардың ішінде институтымыздың «Қазақ тілі мен әдебеті» мамандығы ҚТӘ-15-02 тобының студенті Қосылбекова Ақмарал мен ҚТӘ-14-01 тобының студенті Оразов Жомарт Астана қаласы әкімі Ә.Р. Жақсыбековтің атынан алғыс хат және арнайы бағалы сыйлықтармен марапатталды. Үздік деп танылған ақындардың шығармалары арнайы жыр жинағына енгізілмек.