Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы
Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары туралы
- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті базасында 2020 жылғы ҚР ЖОО студенттерінің Республикалық ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша 2 студенттің ғылыми жобасы жүлделі І, ІІІ орынмен иеленді.
- «Әл-Фарабидің «Қайырымды қала тұрғындары» шығармасындағы рухани жаңғыру мәселесі» тақырыбында 3-курс студенті Дана Ғазез ҚР БҒМ тарапынан жарияланған Республикалық ЖОО СҒЗЖ байқауында ЕАГИ 5В011700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша І орынды иеленді (ғылыми жетекшісі: ф.ғ.к. Л.Н. Дәуренбекова).
- «Абай өлеңдеріндегі фразеологизмдердің қолданыс ерекшелігі» тақырыбында ҚР БҒМ тарапынан жарияланған Республикалық ЖОО СҒЗЖ байқауында ЕАГИ 5В011700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша 3 курс студенті Онжанова Арайлым (ғылыми жетекшісі: п.ғ.м. Райнбекова Г.С.) ІІІ орынды иеленді.
- 2020 жылғы сәуірде өткен ҚР «Ғылым және жаңа ұрпақ – 2020» атты ЖОО студенттер мен магистранттардың онлайн конференциясына, ЕАГИ, сондай-ақ басқа да республикалық, халықаралық конференцияларға қатысып, пленарлық және секция мәжілістерінде баяндамалар жасады. Мәселен, ф.ғ.к. Л.Н. Дәуренбекованың ғылыми жетекшілігімен 3-курс студенті Қ.Камал «Абай қара сөздеріндегі «толық адам» ұғымы» атты тақырыпта «Ғылым және жаңа ұрпақ – 2020» атты ЖОО студенттер мен магистранттардың ХХ ғылыми конференциясының пленарлық мәжілісінде (ЕАГИ, 2020 жыл, 17сәуір) баяндама жасады.
- 2021жылы 3-курс студенті Қойшығарина Арайлым ҚР БҒМ тарапынан жарияланған Республикалық ЖОО СҒЗЖ байқауында ЕАГИ 6В01701 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша ІІІ орынды иеленді (ғылыми жетекшісі: п.ғ.м., аға оқытушы А.Е. Алимбев).
- 2022 жылы 3-курс студенті Жүніс Жұлдыз ҚР БҒМ тарапынан жарияланған Республикалық ЖОО СҒЗЖ байқауында ЕАГИ 6В01701 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша ІІІ орынды иеленді (ғылыми жетекшісі: ф.ғ.к.,профессор Г.Ш. Бекенова).
- 2022 жылғы 14 сәуірде өткен ҚР «Ғылым және жаңа ұрпақ – 2022» атты Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған республикалық студенттер мен магистранттардың ғылыми конференциясына, ЕАГИ, сондай-ақ басқа да республикалық, халықаралық конференцияларға белсене қатысып, пленарлық және секция мәжілістерінде баяндамалар жасады. Мәселен, философия докторы (PhD), доцент Аманғазы Мөлдірдің ғылыми жетекшілігімен 1-курс студенті Елеш Аида Темырханқызы, «А. Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқыш» еңбегі – қазақ әдебиеттану ғылымының негізі» тақырыбында «Ғылым және жаңа ұрпақ – 2022» атты ЖОО студенттер мен магистранттардың ғылыми конференциясының пленарлық мәжілісінде (ЕАГИ, 2022 жыл, сәуір) баяндама жасады. Төмендегі студенттер жүлделі орындармен марапатталды
- Елеш Аида Темырханқызы, «А.Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқыш» еңбегі – қазақ әдебиеттану ғылымының негізі» атты тақырыпта «Ғылым және жаңа ұрпақ – 2022» атты ЖОО студенттер мен магистранттардың ғылыми конференциясында І орынды иеленді.
- Қойшығарина Арайлым Қайратқызы «Жасанды тіл табиғаты » атты тақырыпта «Ғылым және жаңа ұрпақ – 2022» атты ЖОО студенттер мен магистранттардың ғылыми конференциясында ІІІ орынды иеленді.