«Жас ерекшелік психологиясы» пәні бойынша ашық сабақ
2022 жылдың 19 сәуірінде педагогика кафедрасының доценті Кударова Назгуль Абильбековна 6В01102 – «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасының (ПП-21-01, ПП-20-01 академиялық топтары) студенттеріне «Жас ерекшелік психологиясы» пәні бойынша «Жасөспірім жасының психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты – жасөспірім жасының психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін, атап айтқанда: жасөспірім жасының дамуының әлеуметтік жағдайларын; физиологиялық өзгерістерді; психологиялық өзгерістерді; жасөспірім жасының дағдарысын; жасөспірім жасындағы жетекші қызметті қарастыру болып табылды.