ЕАГИ-де Конституциялық реформаны түсіндіру бойынша кездесу өтті
2022 жылғы 17 мамырда Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан Республикасының Конституциясына түзетулер бойынша референдум өткізу туралы іске асыру шеңберінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Павловец Лариса Павловнаның, қалалық штаб мүшесі, «AMANAT» партиясының белсендісі Искакова Бибигуль Кадыровнаның, Нұр-Сұлтан қ. «Алматы» филиалының «AMANAT» партиясының атқарушы хатшысы Несен Игорь Викторовичтің Еуразия гуманитарлық институты экономикалық және математикалық пәндер кафедрасының және педагогика кафедрасының студенттерімен түсіндіру кездесуі өтті.
Сараптамалық пікірлерді тыңдап, барлық қатысушылар спикерлерге Қазақстан Республикасының Конституциясына жоспарланып отырған өзгерістер мен толықтырулар және алдағы референдум тұрғысында сұрақтар қоя алды.
Кездесу соңында спикерлер еліміздің болашағы үшін маңызды шешім қабылдауға байланысты мәселелерді талқылауға белсенді қатысқаны үшін студенттерге алғыс білдірді.