«Бейбітшілік – ел тірегі», «1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні» тақырыптарында кураторлық сағаттар
2022 жылдың 29 сәуірінде және 3 мамырда экономикалық және математикалық пәндер кафедрасының кураторлары Кожахметова А.Г., Даулетханова Ж.Д. «Бейбітшілік – ел тірегі», «1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні» тақырыптарында кураторлық сағаттар өткізді.
Кураторлық сағаттардың мақсаты әлемде бейбітшілік кезеңінде бейбітшілікті сақтау үшін жас ұрпаққа саналы тәрбие беру, ұрпақ санасында бейбітшілік ұғымының терең қалыптасуына жол ашу, Отансүйгіштікке, елін- жерін сүюге, татулықты, достықты қастерлей білуге тәрбиелеу болды.