«Ғылым және шығармашылық: диалог және даму»
2022 жылдың 21 мамырында “Қаржы” білім беру бағдарламасының 2 курс студенті Г.Б. Абдибекова (ғылыми жетекшісі: “Қаржы” бейіні бойынша доктор Ж.Д. Даулетханова) Дүниежүзілік мәдениет диалог пен даму жолындағы әртүрлілік (ЮНЕСКО) күніне арналған “Ғылым және шығармашылық: диалог және даму” Еуразия жас ғалымдарының ғылыми-зерттеу және жобалау-шығармашылық жұмыстарының халықаралық конкурсында 3-орын алды. Ғылыми жұмысының тақырыбы: «Prospects for the development of the social policy of Kazakhstan».
Байқау “ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясы жанындағы Университет” дербес коммерциялық емес жоғары білім беру ұйымында (Витебск мемлекеттік технологиялық университеті, Беларусь Республикасы) ЕурАзЭҚ ПАА жанындағы университеттің серіктестері болып табылатын басқа да жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдардың қолдауымен өтті.