Жағымды жаңалық! Құрметті әріптестер!

2001 жылдан бастап шығып келе жатқан «Еуразия гуманитарлық институтының хабаршысы» журналы Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінде Ақпарат комитетінде қайта есепке қойылып (Тіркеу №KZ92VPY00046970 17.03.2022), ғылыми еңбектің негізгі нәтижелерін жариялау үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласында cапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынатын ғылыми басылымдар тізбесіне филология бағыты бойынша қайта енгізілгені (28.06.2022 ж. № 290) туралы бұйрық шыққанын хабарлаймыз. Тіл және әдебиет зерттеушілерінен алдағы уақытта журналымыздың абыройын көтеретін мазмұнды да, сапалы мақалалар күтеміз.

https://ojs.egi.kz/index.php/BULLETIN/index