«ЕАГИ – жақсылық аумағы»: Қостанай облысын қолдауға арналған гуманитарлық акция
Соңғы бірнеше күнде біздің елімізде Қостанай облысының Әулиекөл ауданында орман өртінен зардап шеккен адамдарды қолдау мақсатында ауқымды қайырымдылық қозғалысы басталды. Еуразия гуманитарлық институты да отандастарымыздың қайғысына бей-жай қарамады. Институт әкімшілігі мен профессорлар-оқытушылар құрамы қайырымдылық шотына ақшалай қаражат аударды. ЕАГИ студенттік өзін-өзі басқару көшбасшылары: еріктілер орталығы, Жастар ісі жөніндегі комитет, Студенттер Парламенті ЖОО қызметкерлері, оқытушылары мен студенттері арасында қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Жиналған қаражатқа тұрмыстық электр құралдары, бірінші кезекте қажетті құралдар, төсек жабдықтары және т.б. сатып алынды. Amanat партиясының «Жастар Рухы» жастар қанатының қолдауымен гуманитарлық көмек Қостанай облысына жеткізілді.