«ӘДІЛ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» Қазақстан халқына Жолдауды түсіндіру бойынша кураторлық сағат
2022 жылдың 7 қыркүйегінде заң пәндері кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі, ЮК-20-01 академиялық тобының кураторы А.Э. Тортаева «ӘДІЛ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» Қазақстан Республикасының Президенті Ж.К. Тоқаевтың 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру бойынша топ студенттері үшін кураторлық сағат өткізді. А.Э. Тортаева Жолдаудың негізгі ережелерін түсіндіре отырып, қазіргі уақытта және болашақта студенттердің жеке жауапкершілігі кәсіби немесе саяси қызметте жоғары деңгейде болуы керек екенін атап өтті.