«Жоғары білім берудің орнықты дамуы және болашағы» жоғары білім берудегі сапаны қамтамасыз ету жөніндегі V Еуразиялық форум

2022 жылғы 29-30 қыркүйек аралығында М.С. Нәрікбаев ат. ҚАЗМЗУ Университетінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен Білім берудегі сапаны қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттіктің (IQAA) ұйымдастыруымен «Жоғары білім берудің орнықты дамуы және болашағы» жоғары білім берудегі сапаны қамтамасыз ету жөніндегі V Еуразиялық форумы өтті. Еуразия гуманитарлық институтының өкілдері де осы форумға қатысты. Атап айтқанда, форумға офлайн режимде ЕАГИ ректоры, профессор А.Ж. Исмаилов, академиялық мәселелер және аккредиттеу департаментінің директоры, профессор С.Б. Загатова, декан, доцент Т.Н. Кемайкина, педагогика кафедрасының меңгерушісі, профессор Н.Т. Нығыманова, шетел тілдері кафедрасы меңгерушісінің орынбасары, доцент Г.У. Аренова қатысты. Форум барысында жоғары білім сапасын қамтамасыз етудің құндылықтары мен жаңа тәсілдері, оқытуды және басқару тиімділігін жақсарту үшін цифрландыру, қолжетімділікті кеңейту және өмір бойы оқыту сияқты мәселелер қаралды.