ЕУРАЗИЯ ГУМАНИТАРЛЫҚ ИНСТИТУТЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ СТУДЕНТТЕРІ!
2022-2023 оқу жылының екінші семестрінде (көктемгі) ішкі және сыртқы академиялық ұтқырлық бойынша қатысуға ниет білдіргендердің барлығының өтінімдерін қабылдау және құжаттарын жинау жарияланады. Өтінішті 10 қазаннан 30 қарашаға дейін – ішкі академиялық ұтқырлық үшін және 10 қазаннан 18 қарашаға дейін – сыртқы академиялық ұтқырлық үшін жазуға болады. Толық ақпарат алу үшін академиялық ұтқырлық жөніндегі үйлестіруші Айгүл Талғатқызына хабарласуға болады. Серіктес ЖОО-ларды ЕАГИ сайтынан көруге болады – www.egi.edu.kz – ынтымақтастық қойындысы бұдан әрі академиялық ұтқырлық бұдан әрі серіктес ЖОО.
Академиялық ұтқырлық конкурсына қатысу үшін қажетті құжаттар
- білім алушының өтініштері;
- жеке куәліктің немесе төлқұжаттың көшірмесі;
- оқыту туралы келісім;
- ұсыныс хат;
- транскрипт;
- студенттің жеке оқу жоспары;
- 086/у медициналық анықтама (флюорография суреті) немесе 082/у (шетелге шығатындар үшін);
- тілдерді білу туралы сертификат (ағылшын тілі – IELTS, TOEFL; түрік, испан, неміс және т. б. – В2 және одан жоғары деңгейде тілді білу туралы сертификат) бар болса (шетелге шығатындар үшін);
- ата-аналардың жазбаша келісімі;
- 3х4 фото, 3 дана.
Академиялық ұтқырлық жөніндегі үйлестіруші — Сандыбаева Айгүл Талғатқызы
Мекен-жайы: Астана қ., Жұмабаев даңғылы, 4, 2-қабат, декан кабинетінің жанында
Тел: 8 (7172) 56-19-33; +7 (707) 8204656 – ( ватсап бар)
e-mail: akaleka@mail.ru