«Студент жастар арасында саяси, діни және ұлттық экстремизм идеяларының таралуының алдын алу» тақырыбы бойынша ақпараттық-түсіндіру кездесуі

2022 жылғы 11 қазанда Еуразия гуманитарлық институтының білім алушылары үшін «Студент жастар арасында саяси, діни және ұлттық экстремизм идеяларының таралуының алдын алу» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесуі ұйымдастырылды. Студенттер алдында Астана қаласы полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі, полиция майоры Амир Маратович Маратов, сондай-ақ дінді зерттеу орталығының теологтары Олег Витальевич Синяков пен Алмас Азимханович Ерназаров сөз сөйледі.

Студенттер кездесу барысында көрсетілген бейнематериалдарды талқылауға белсенді қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толық ақпарат алды.