Ғылым және жоғары білім министрінің қатысуымен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің кеңесі
2022 жылғы 10 қазанда Astana IT university-де ғылым және жоғары білім министрінің қатысуымен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің көшпелі кеңесі өтті. Кеңесте инклюзивті білім беруді ұйымдастыру мәселелері қаралды. Кеңеске біздің институттың өкілдері Еуразия гуманитарлық институтында инклюзивті білім беруді сүйемелдеу жөніндегі психологиялық-педагогикалық қызметтің жетекшісі доцент А.Т. Аязбаева және педагогика кафедрасының еріктілері қатысты.