Қазақстан Республикасы күніне арналған пікірталас турнирі

2022 жылғы 19 қазанда Қазақстан Республикасы күні қарсаңында Британдық парламенттік пікірталас форматында дебаттық турнир өткізілді, оған Еуразия гуманитарлық институтының білім беру бағдарламаларының командалары қатысты.

Қызықты турнирді ЕАГИ студенттік Парламентінің пікірталас қозғалысының фракциясы, Жастар ісі жөніндегі комитет, «Verum» пікірталас клубы Астана қаласы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы                 іс-қимыл басқармасымен бірлесіп ұйымдастырды. Зияткерлік сайысты өткізудің негізгі мақсаттары – пікірталасқа қатысушыларды болашақ турнирлерге практикалық дайындау, ЕАГИ-де пікірталас қозғалысын дамыту, жастардың бойында толеранттылық пен азаматтық сана-сезімді тәрбиелеу, жас көшбасшыларды шешендік шеберлік пен сыни ойлау дағдыларына үйрету болып табылды.

Келесі қатысушылар пікірталас турнирінің жеңімпаздары болып:

1-орын – Әлімхан Бақдәулет, «Құқықтану» білім беру бағдарламасының студенті (ЮР-20-01 академиялық тобы);

2-орын – Нуркеев Алмаз, «Қаржы» білім беру бағдарламасының студенті (Ф-21-01 академиялық тобы);

3-орын – Өмірбек Тоқжан, «Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасының студенті (ШТ-22-02 академиялық тобы) танылды.

«Линкольн-Дуглас» форматында турнирдің үздік төрешісі болып «Құқықтану» білім беру бағдарламасының студенті Салимжуаров Ғани  анықталды (ЮР-20-01 академиялық тобы).

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге Еуразия гуманитарлық институтының және Астана қаласы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының кубоктары, грамоталары мен бағалы сыйлықтары табыс етілді.