«Қазақстан – менің Отаным, менің байтақ елім» дөңгелек үстелі
Ағымдағы жылдың 21 қазанында Республика күнін мерекелеу аясында «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» және «Тарих» білім беру бағдарламаларының 1-курс студенттері «Қазақстан – менің Отаным, менің байтақ елім» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстел жұмысына «Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасының студенттері де қатысты. Іс-шараға қатысушылар тақырыптық баяндамаларды тыңдап, отырыстың күн тәртібіндегі мәселелер бойынша пікір алмасты.